Хабарлама жіберу тәртібі

Мектепке дейінгі білім беру мен оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары (құрылтайшылары) назарына!

         Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаменті Қазақстан Республикасының  «Рұқсаттар  және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабының 3 тармағына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) қызметтерін жүзеге асыруды жалғастыру үшін уәкілетті мемлекеттік органға (департамент) тиісті хабарлама жіберуге міндеттілігін ескертеді.

Хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйемен http://elicense.kz сайты арқылы жіберіледі. Хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін өтініш беруші жауапты болады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабына сәйкес хабарлама жібермей өз қызметін жүзеге асырып жатқан заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Хабарлама беру үшін:

  1. ҚР электрондық үкіметінің http://elicense.kz сайтының «Е-лицензиялау» қосымша бетіне кіру қажет;
  2. Жоғарыдағы оң жақ бұрыштағы «ЭЦҚ қолданушысы ретінде тіркеу» қосымшасына кіріп, БСН енгізу және заңды тұлға туралы талап етілген деректерді енгізіп, ЭЦҚ іске қосу қажет;
  3. Жоғарыдағы оң жақ бұрыштағы «Жеке кабинетке кіру» қосымшасындағы «Менің рұқсат беру құжаттарым, хабарламалар» қосымшасыне кіру қажет;
  4. Тиісті аумақтық мемлекеттік органды таңдау қажет;
  5. Тиісті мәліметтерді енгізу.

Нормативтік сілтемелер: