Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

vopross
  • Лицензиялау рәсімін қандай нормативтік құқықтық актілер регламенттейді?
  • Қандай білім беру ұйымдары үшін лицензиялау рәсімдері қажет емес және неге?
  • Білім туралы құжат (диплом, аттестат) шет елде берілген. Қазақстанда оқуды жалғастыру немесе жұмыс істеу үшін дипломды нострификациялау керек пе? Нострификацияға қандай құжаттар қажет?
  • Нострификация деген нені білдіреді?
  • Апостиль дегеніміз не, қалай жүзеге асырылады?
  • Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңына сәйкес мектепте жұмыс жасайтын педагогтерге магистр дәрежесі бойынша қалай қосымша ақы төленеді?

Жауаптар:

  • «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының               2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы;

    «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығы;

    «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы;

    «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 357 бұйрығы. 

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін лицензиялау рәсімдері қажет емес. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беріледі.
  • Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне қажетті құжаттар тізбесі:

    1) білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

    2) білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі туралы біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

    Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын немесе оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;

    3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін);

    Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).

    Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстырған соң қайтаруға жатады);

    4) оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

    5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;

    6) төлем туралы түбіртек.

    Құжаттарды қабылдау білім туралы құжаттың иегерінің өтініші бойынша немесе заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген сенім хаты бар уәкілетті тұлға арқылы жүргізіледі.

    Құжаттарды қарау мерзімі 4 айды құрайды. Тездетіп қарау қарастырылмаған.

    Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өткізуге жауапты орган Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы болып табылады. Мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр, 28, байланыс телефондары:                8 (7172) 28-75-31, 28-75-30, 28-75-35, 28-75-33, 28-75-24.

    Сондай-ақ құжаттарды қабылдау өтініш берушінің тұрғылықты жерінде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асады.

  • Білім туралы құжатты нострификациялау – шетелде, халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары (филиалдары) берген білім туралы құжаттың баламалығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Аталған рәсім халықаралық шарт (келісім) болмаған жағдайда жүргізіледі.
  • Апостиль консулдық заңдастырудың қысқартылған түрі болып саналады. 1961 жылы Гаага Конвенциясына қатысушы-елдер өзара елдер арасындағы білім туралы құжаттар «апостиль» мөрімен расталып, жүзеге аса алатыны туралы Келісімге қол қойды. Апостиль мөрінің өзі өкілетті тұлғаның және құжатқа қойылған мөрдің түпнұсқалығын растайды. Апостиль қою арқылы Гаага Конвенциясына қатысушы-елдер аймағында еркін іс-әрекет етуге кепілдік береді. Апостиль қоюшы тұлғалар құжатқа қойылған қолдың, мөрдің түпнұсқалығын растап, оның сапасына жауап береді. Қоса тіркелген апостиль бланкісіне, оған қойылған мөрге жауапты. «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады.
  • «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің              10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

    Сондықтан Сіздің ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша бітірген магистр дәрежеңіз болса, қосымша ақы алуға толықтай құқыңыз бар.