BALA QORGAY

О правах ребенка в Республике Казахстан Закон Республики Казахстан от 8 августа 2002 года N 345.

О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности Закон Республики Казахстан от 9 июля 2004 года N 591.

Отчет зам ДОКСО 1 кв.2022 г.

Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тұрақты негізде телеарналарға, баспа басылымдарына және әлеуметтік желілерге балалардың құқықтарының бұзылуын анықтау және оларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау тұрғысынан мониторинг жүргізеді. Балалармен стандартты емес жағдай немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда қалыптасқан жағдай бойынша жедел ақпарат жіберіледі.

Толығырақ жұмыс түрлері туралы:

  1. Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру мақсатында резонанстық жарияланымдар және балалардың құқықтарын бұзу жағдайлары бойынша Астана қаласының білім беру ұйымдарымен, ІІД, ББ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия хатшысымен күнделікті өзара іс-қимыл жасау.
  2. Департамент жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мониторингтік топтың «Сати инклюзивті балабақшасына», «Ақылды бала» балаларды дамыту орталығына Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде балабақша тәрбиешілерінің балаларына қатыгез қарым-қатынас жасау жағдайлары бойынша шығуы.
  3. Жеке меншік «Әмірхан», «Teams Scoll» және «Апельсинки» МДҰ-ның тәрбие процесі кезінде балаларға немқұрайлы қарау фактілері бойынша азаматтардың өтініштері бойынша Департамент жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мониторингтік топтың отырысы МДҰ меңгерушілері мен өтініш берушілердің қатысуымен өтті. МДҰ-ға ұсыныстар жіберілді.
  4. Жоспарға сәйкес балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мониторингтік топтың Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-ге шығуы. ББ-на және ҚО-на ұсынымдар жолданды.
  5. Астана қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысу (31.01.2022 ж., 08.04.2022 ж., 21.04.2022 ж., 27.04.2022 ж., 05.05.2022 ж., 02.06.2022 ж., 16.06.2022 ж., 16.06.2022 ж., 05.07.2022 ж., 03.08.2022 ж., 23.09.2023 ж.).
  6. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында (ақпан, наурыз) білім беру ұйымдарына бару арқылы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау мәселелері бойынша әдістемелік десантына қатысу.
  7. Білім беру ұйымдарын тексеруге қатысу: қала прокуратурасының талабы бойынша «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» ҚР заңдарының нормаларын сақтауға «№2 оңалту орталығы» КММ, «№1 арнайы мектеп-интернат» КММ, «№2 арнайы мектеп» КММ тексеру.
  8. Астана қаласының «Арман» және «Боровичок» қалааралық лагерлерінің мониторингі. Астана қаласының әкімдігі мен Білім басқармасына ұсынымдар жолданды.
  9. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган – ҚР ОАМ БҚҚК-мен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау.