«

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2022 ЖЫЛДЫҢ І — ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

  1. КАДР ЖҰМЫСЫ

Астана қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі — Департамент) штат саны — 8 бірлік.

Департаментте 2 бөлім жұмыс істейді.

 

Басшы 1 С-О-1
Басшының орынбасары 1 С-О-2
Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі
Бөлім басшысы 1 С-О-4
Бас маман 2 С-О-5
Білім беру қызметін лицензиялау бөлімі
Бөлім басшысы 1 С-О-4
Бас маман 2 С-О-5
Барлығы : 8

 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің штат санын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аппараты басшысының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 1615-к бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрылымының өзгеруіне, штат санының лимиттерін оңтайландыруға және қысқартуға байланысты:

27.12.2021 ж. Департамент басшысы және орынбасары атқаратын лауазымына қайта тағайындалды (ҚР БҒМ 27.12.2021 ж. бұйрығы).

05.01.2022 ж. Департаменттің БССББ және білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшылары мен 2 бас маманы атқаратын лауазымына қайта тағайындалды (27.12.2021 ж. ДОКСО бұйрығы).

05.01.2022 ж. БССББ бөлімінің бас маманы лауазымына Тайтелиева А.Б. және Ахмедина Н. Т. тағайындалды.

2022 жылғы 18 қаңтарда Департамент директоры Б.А. Куптлеуова қызметінен өз еркімен босатылды.

29.06.2022 жылдан бастап Департамент директорының міндетін уақытша атқарушы болып Сулейменова Г.Т. тағайындалды (29.06.2022 ж. № 105-жқ бұйрығы).

І-жартыжылдықта 2 қызметкер қайта даярлау курсынан өтті: білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы (23.05.202-10.06.2022 ж. Куттыбай У.М.) және бас маманы (06.06.2022-24.06.2022 ж. Ермекова Г. К.) сонымен қатар
3 қызметкер біліктілікті арттыру курстарынан өтті: Департамент басшысының м.а. Сулейменова Г.Т. (26-31.08.2022 ж.), басшының орынбасары Козкеева Р.А.
(26-31.08.2022 ж.), Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы
Казыкенов Е.С. (26-31.08.2022 ж.).

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ (мемлекеттік аттестаттау, тексерулер)

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабына сәйкес бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау тексеру (жоспардан тыс: Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың нұсқамалары мен өтініштерінің орындалуын бақылау) және алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру барысында 2022 жылы келесі жұмыс түрлері жүргізілді.

Мемлекеттік аттестаттау

Департаменттің 15.04.2022 ж. № 134 бұйрығымен 2022 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын Астана қаласының мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының тізбесі 98 бірлік болып бекітілді, оның ішінде

92 – мектепке дейінгі, 6-орта білім беру ұйымдары.

Аталған тізбе Департаменттің ресми интернет ресурсында – https://astanacontrol.gov.kz/ сайтында орналастырылған және білім басқармасына, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының чаттарына жіберілді.

Қаңтар айынан маусым айына дейін белгіленген кестеге сәйкес                                   68 мектепке дейінгі білім беру ұйымы аттестаттау рәсімінен өтті (15 аттестатталды).

68 балабақшаның 53-і (77,9%) мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша аттестатталмаған.

Негізгі бұзушылықтар:

— оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сәйкес келмеуі және сақталмауы;

— білім беру салалары мен ҰОҚ (ұйымдастырылған оқу қызметі) ОЖБ-ға сәйкес келмеуі;

— мектепалды жасындағы тәрбиеленушілердің (ересек жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы;

— ЕБҚ бар балалар үшін әзірленген жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларының болмауы;

— тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы;

— жас кезеңін сақтамау және топтарды жинақтау.

Мектепке дейінгі ұйымдарды аттестаттау және қайта аттестаттау белгіленген мерзімге сәйкес жалғасады.

Тексерулер

2022 жылдың І жартыжылдығында білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланбаған.

Тексеру қорытындысы бойынша берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау мақсатында 21 іс-шара өткізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 іс қозғалды. Салынған әкімшілік айыппұл сомасы 500 АЕК-ті құрады.

 

  1. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ

2022 жылы Департаментке жеке және заңды тұлғалардан 298 өтініші келіп түсті, оның 9-ы бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралды.

9 жағдайда өтініш берушілер көрсеткен фактілер расталды, оларды қарау нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабы 4-бөлігінің 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 іс қозғалды. Салынған әкімшілік айыппұл сомасы 55 АЕК-ті құрады.

Барлық өтініш берушілерге қойылған сұрақтардың мән-жайы бойынша уақтылы жауаптар берілді, дәйекті, дәлелді ақпарат ұсынылды және жанжалды жағдайларды шешуде оңтайлы тәсіл қамтамасыз етілді. Қарау нәтижелері бойынша шағымдану фактілері болған жоқ.

 

  1. ӘКІМШІЛІК ТӘЖІРИБЕ

Құқық қорғау органдарының ұсынымдары негізінде және арыз берушілердің шағымдары бойынша 32 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабының 2, 3, 4, 7-3, 7-6 — бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған әкімшілік айыппұл сомасы
370 АЕК немесе 1 133 310 тг құрады.

Шағымдану фактілері болған жоқ.

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ

Білім беру қызметін лицензиялау, хабарлама беру тәртібі

2022 жылы (2022 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін) Департаментке «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін алуға 98 өтініш келіп түсті, оның ішінде 24 (24,4%) қанағаттандырылды, 74 (75,6%) қанағаттандырудан бас тартылды.

Талдау лицензияны беруден және қайта ресімдеуден және лицензияға қосымшадан бас тартудың негізгі себебі білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және құжаттардың толық болмауы болып табылатынын көрсетеді.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қаланың 34 мектепке дейінгі ұйымы білім беру ұйымы білім беру қызметін бастау туралы хабарлама жіберген.

Е-лицензиялау арқылы білім беру қызметін бастау туралы хабарламаны беру жолдары Департаменттің сайтында көрсетілген.

 Білім туралы құжаттарға апостиль қою

2022 жылдың 9 айында  Департаментке «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін алуға 3396 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 3262 өтініш қанағаттандырылды, 134 бас тартылды.

Апостиль қойылған құжаттар жиі жіберілетін елдер қатарында: Австрия – 70, Венгрия – 50, Германия – 50, Әзірбайжан – 10, Түркия – 150, Чехия – 150, Италия – 120, Корея – 90, АҚШ – 80, Финляндия – 15, Аргентина – 10, Англия – 50, Испания – 50, Үндістан – 380, Греция – 100, Польша – 60.

ХҚКО арқылы келіп түскен өтінімдерді қанағаттандырудан бас тартудың негізгі себебі: шығу елі Гаага Конвенциясының мүшесі болып табылмайды,                      4 жағдайда құжаттарды білім беру ұйымдары растамады және материалдарды мәні бойынша одан әрі қарау үшін ҚР ІІМ-нің Полиция басқармасына жіберілді.

ЭҮП арқылы түскен өтінімдерді қанағаттандырудан бас тартудың негізгі себебі-Регламенттің 1-ші кезеңінде төлем жүргізілмеуінде, 2-ші кезеңде ХҚКО арқылы құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмауында.

 

  1. ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ

Департамент мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу бойынша негізгі функциялардан басқа түрлі мониторингтік жұмыстар жүргізеді.

Есепті кезеңде келесі бағыттар бойынша мониторинг жүргізілді:

  1. Орта білім беру ұйымдарында үштілділікті — жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту (ЖМБ) мониторингілеу (қаңтар);
  2. Сертификаттардың түпнұсқалығын бақылау және Астана қаласының педагогтарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу мониторингі (01.02.2022 ж. бастап 04.03.2022 ж. дейін).
  3. Астана қ. мектептеріндегі білім жетістіктерін мониторингілеу (2022 жылғы 18-22 сәуір аралығында).
  4. Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2022-2023 оқу жылына дайындық монитрингі (2022 ж. шілде, тамыз).
  5. Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай 1000 мектеп салу жөніндегі тапсырмасын орындау мониторингі (2022 ж. 31 тамыздан бастап 6 қыркүйегіне дейін).

Мониторингтік іс-шаралардың қорытындылары бойынша ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін Комитетке, сондай-ақ қаланың Әкімдігіне, Білім басқармасына жіберіледі.

 

  1. ЖАО-МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ
  2. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарына қатысу (31.01.2022 ж., 08.04.2022 ж., 21.04.2022 ж., 27.04.2022 ж., 05.05.2022 ж., 02.06.2022 ж., 16.06.2022 ж., 16.06.2022 ж.);
  3. Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің отырыстарына қатысу;
  4. Астана қаласы білім басқармасының семинарлары мен брифингтеріне қатысу;
  5. Астана қаласының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогикалық этика мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органның отырысын ұйымдастыру және өткізу (30.03.2022 ж.);
  6. Орта білім беру ұйымдарын лицензиялау, мемлекеттік қызметтер көрсету, білім беру ұйымдарына профилактикалық бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мәселелері бойынша Астана қ. прокуратурасының, Астана қ. бойынша ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі к омитетінің басқармасының, Мемлекеттік қызмет агенттігінің департаментінің кеңестеріне қатысу.

 

  1. ББЖМ, ҰБТ, БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУІНЕ ҚАТЫСУ

 

Ағымдағы жылғы 24 қаңтар мен 24 ақпан аралығында, 1 наурыз бен 31 наурыз аралығында, 16 мамыр мен 24 маусым аралығында Департамент қызметкерлері ҰБТ-ны өткізуге бақылаушы ретінде қатысты. Ұлттық тестілеу орталығына көрсетілген кезеңде ҰБТ – ға қатысуға барлығы 33 мыңнан астам өтініш (қаңтар – 6694, Наурыз-6886, мамыр – маусым-20 мыңнан астам) келіп түсті.

2022 жылғы 18-22 сәуір аралығында Астана қаласының 50 мектебінде (№3, 5, 6, 7, 13, 14, 18, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 29, 30, 31, 34, 37, 41, 42, 43, 44, 46, 47, 48, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 67, 69, 70, 71,75, 76, 77, 80, 86, 87, 89, «NURORDA» мектеп-лицейі, «BINOM мектебі», «Экономикалық лицей» ЖШС, «Садуақасов атындағы елордалық мектеп х.ж.» ЖМ, Астана қаласының «SEED Educational Complex» мектебі)  4527 оқушыны қамти отырып (4 сынып – 3252, 9 сынып – 2175) білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қатысты.

А. ж. қарашаға ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг өткізу жоспарланған.

Педагогтардың ҰБТ өткізу а.ж. қараша айында жоспарланған.

 

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ

Қамқоршылық кеңестер барлық білім беру ұйымдарында құрылған.

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі қағидаларына сәйкес (БҒМ 27.07.2017 ж. № 355 бұйрығы), Департамент өкілдері 2022 жылдың І жартыжылдығында білім беру ұйымдарының:

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 мектеп-лицейі» КММ;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 мектеп-гимназиясы» КММ;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 6 мектеп-гимназиясы» КММ;

— Астана қаласы әкімдігінің «Зерде» № 9 мамандандырылған мектебі» КММ;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 мектеп-гимназиясы» КММ;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицейі» КММ;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 48 мектеп-лицейі» КММ;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназиясы» КММ;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 70 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 73 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 74 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 92 мектеп – лицейі» ШЖҚ МКК;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 92 мектеп – лицейі» ШЖҚ МКК;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 93 мектеп – лицейі» ШЖҚ МКК;

— Астана қаласы әкімдігінің «№ 94 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК Қамқоршылық кеңесінің отырыстарына қатысты (дауыс беру құқығынсыз бақылаушылар ретінде).

Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің отырыстарына қатысу қорытындысы бойынша білім басқармасына ұсынымдар жолданды.

 

  1. БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

Балалар құқықтарының бұзылуын анықтау және оларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау тұрғысынан телеарналарға, баспасөз басылымдарына және әлеуметтік желілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Стандартты емес жағдай немесе балалармен төтенше жағдай туындаған жағдайда, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қалыптасқан жағдай бойынша жедел ақпарат жіберіледі.

Толығырақ жұмыс түрлері туралы:

  1. Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру мақсатында резонанстық жарияланымдар және балалардың құқықтарын бұзу жағдайлары бойынша Астана қаласының білім беру ұйымдарымен, ІІД, ББ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия хатшысымен күнделікті өзара іс-қимыл жасау.
  2. Департамент жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мониторингтік топтың «Сати инклюзивті балабақшасына», «Ақылды бала» балаларды дамыту орталығына Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде балабақша тәрбиешілерінің балаларына қатыгез қарым-қатынас жасау жағдайлары бойынша шығуы.
  3. Жеке меншік «Әмірхан», «Teams Scoll» және «Апельсинки» МДҰ-ның тәрбие процесі кезінде балаларға немқұрайлы қарау фактілері бойынша азаматтардың өтініштері бойынша Департамент жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мониторингтік топтың отырысы МДҰ меңгерушілері мен өтініш берушілердің қатысуымен өтті. МДҰ-ға ұсыныстар жіберілді.
  4. Жоспарға сәйкес балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мониторингтік топтың Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-ге шығуы. ББ-на және ҚО-на ұсынымдар жолданды.
  5. Астана қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысу (31.01.2022 ж., 08.04.2022 ж., 21.04.2022 ж., 27.04.2022 ж., 05.05.2022 ж., 02.06.2022 ж., 16.06.2022 ж., 16.06.2022 ж., 05.07.2022 ж., 03.08.2022 ж., 23.09.2023 ж.).
  6. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында (ақпан, наурыз) білім беру ұйымдарына бару арқылы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау мәселелері бойынша әдістемелік десантына қатысу.
  7. Білім беру ұйымдарын тексеруге қатысу: қала прокуратурасының талабы бойынша «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» ҚР заңдарының нормаларын сақтауға «№2 оңалту орталығы» КММ, «№1 арнайы мектеп-интернат» КММ, «№2 арнайы мектеп» КММ тексеру.
  8. Астана қаласының «Арман» және «Боровичок» қалааралық лагерлерінің мониторингі. Астана қаласының әкімдігі мен Білім басқармасына ұсынымдар жолданды.
  9. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган – ҚР ОАМ БҚҚК-мен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау.

 

  1. АҚПАРАТТЫҚ — ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Департаментпен өткізілетін мемлекеттік бақылау шараларының нәтижелері туралы мәліметтерге адамдардың кең ауқымы үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің ресми сайтында бақылау қызметінің жоспарлары мен нәтижелері, лицензиялау бойынша Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы жедел ақпарат, сондай-ақ білім беру сапасын бақылаудың өзекті мәселелері бойынша ұсынымдар, білім беру саласындағы заңнаманың орындалуы туралы тұрақты түрде орналастырылады.

Жеке консультация беру сенім телефоны бойынша, жазбаша немесе электрондық өтініш барысында, сондай-ақ жеке қабылдау барысында жүзеге асырылады.

Қолданыстағы заңнама нормаларын ZOOM платформасы арқылы түсіндіру мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларымен білім беру ұйымдарында аттестаттауды өткізу, профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде семинарлар (құқықтық жалпы оқыту) өткізілді.

Әлеуметтік желілерде 576 жарияланым (Facebook – 192, Instagram – 192, Teiegram – 192) жарияланды.

 

  1. СОТ ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ

Ағымдағы жылы Департамент соттарға талап арыз берген жоқ және сот талқылауларына қатысқан жоқ.

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР

Ағымдағы жылға мемлекеттік сатып алу жоспары 6 625,4 мың теңгені құрайды. Орындалуы 100%.

 

  1. БЮДЖЕТТІ ИГЕРУ

Департаментті қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

2022 жылы Департаменттің толыққанды жұмыс істеуіне бюджеттен 68 536,6 мың теңге жоспарланған, соның ішінде:

— 123 бағдарлама бойынша – 65 595,0 мың теңге;

— 100 бағдарлама бойынша – 2017,2 мың теңге;

— 138 бағдарлама бойынша – 824,4 мың теңге.

2022 жылдың 9 айында Департаменттің бюджетін игеру — 96,4% құрады (жеткізушілермен ұзақ шарт жасасуға байланысты игерілмеу).

 

  1. ДЕПАРТАМЕНТТІҢ 2021 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ МЫНАДАЙ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ:

— заңнамаға сәйкес мемлекеттік бақылау шараларын жүргізудің белгіленген мерзімдері сақталды;

— білім беру саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттамалар жасау арқылы қамтамасыз етілді;

— мемлекеттік қызметтер мен функцияларды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу жүзеге асырылды;

— Департамент қызметінің нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар ету қамтамасыз етілді;

— жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және толық қарау, олар бойынша шешім қабылдау және өтініш берушілерге заңнамада белгіленген мерзімде жауап жолдау қамтамасыз етілді;

-Департамент мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру қамтамасыз етілді.