«

»

Департаменттің медиажоспарына сәйкес 9 қазан күні кәсіподақтар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Батыр Алиевпен және мектеп басшыларымен бейнеконференциябайланыс арқылы кездесу өтті.

кәсіптік одағының төрағасы Батыр Алиевпен және мектеп басшыларымен  бейнеконференциябайланыс арқылы кездесу өтті. Іс шараны Департамент басшысы Б. Көптілеуова бастап, Қазақстан кәсіптік одақтарының күнінің мерекелену тарихына тоқталып, Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысымен даталы, мерекелік күндер тізіміне қосылғандығын айта келе, Батыр Алиевке сөз берді, сондай-ақ  мектеп басшыларына жұмыс беруші ретінде еңбек қатынасы бойынша сұрақтарын қойып, өз ойлары мен ұсыныстарын айтуды ұсынды.

Қалалық кәсіподақ төрағасы өз сөзінде әлеуметтік әріптестік тараптар арасында келісімдер жасау, ұжымдық шарттарды орындау мәселелерімен, еңбекті қорғау бойынша «Үздік техникалық инспектор» байқауының нәтиже-лерімен таныстырды. Сондай-ақ, кездесу қатысушыларына еңбек заңнама-сының нормалары, педагогтерге оның ішінде әдіскерлерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясындағы қосымша төлемақы-лардың жаңа түрлері түсіндірілді.

Кездесу соңында Департамент басшысы Бағымкүл Көптілеуова барша сала қызметкерлерін Кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, алдағы жұмыс жоспарларына сәттілік тіледі. «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне аталған кездесуді ұйымдастырып, бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіреді.