«

»

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңес құру туралы баспасөз-хабарлама

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормалары мен Білім және ғылым министрінің а.ж. 11 мамырдағы  № 190 бұйрығымен бекітілген Педагогтік әдеп қағидаларына сәйкес 2020-2021 оқу жылынан бастап  республиканың білім беру ұйымдарында Педагогтік әдеп жөніндегі Кеңес құрылады.

Заң нормалары мен Педагогтік әдеп қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Министрліктен елордалық білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңесті (Әдеп жөніндегі Кеңес) Департамент базасында пилоттық жобада құру туралы бастама жасалды. Әдеп жөніндегі Кеңес: білім беру ұйымдары басшыларының, лауазымды және өзге де адамдардың заңнама нормаларын сақтауын;  педагогтік ұжымдарға, басшыларға, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының педагогтік әдеп жөніндегі Кеңес  төрағаларына әдістемелік және кеңестік көмек көрсету; Заң нормалары мен Педагогтік әдеп қағидаларын бұзудың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу функцияларын қарастырады.

Бекітілген бұйрыққа сәйкес Әдеп жөніндегі Кеңестің жұмысы пилоттық жобада басталды. Кеңес құрамына білім беру жүйесіне қатысы бар құрметті тұлғалар мен білікті мамандар енді.

13 тамызда  өткен 1-отырыста Әдеп жөніндегі Кеңес қызметінің Ережесі, Жұмыс жоспары, отырыс кестесі талқыланды және бекітілді.

Әдеп жөніндегі Кеңестің мүшелері Министрліктің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы Педагогтер мен білім және ғылым  саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің аясында 14 тамызда  өткен секциялық отырысына белсене қатысты.

Кеңес қаланың білім беру ұйымдары ұжымымен педагогтердің өз жұмыс жағдайларын ыңғайлы етіп құруды жақсарту бойынша ұсыныстары мен ұсынымдарын анық айта алатын ашық диалог форматында «Педагог үні» атты кездесуді қыркүйектен бастайды.

Министрдің Әдеп жөніндегі Кеңес құру туралы бастамасы елордалық педагогтердің Департаментпен тығыз  байланыс  жасауына алып келеді, оларға өз құқықтарының қорғалуына және «ұсыныстарының құлақ асуға» мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

Пилоттық жобаның іске асырылу қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі Кеңес барлық өңірлерде құрылатын болады.

COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы