«

»

Жаңалықтар

Министрліктің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 407 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды (қызметті алушы) есепке алу қағидаларына (2020 ж. 30.04. № 167 бұйрық) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қызметті алушыны есепке алуды олардың тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (қызмет беруші) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 89-бабының  2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес жүргізеді. Қызметті көрсету түрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде «Электрондық үкіметтің» веб-порталында электрондық цифрлық қолтаңба  арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар,  Қағидаға:

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының   4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын  есепке алуға шек қойылғандығы;

қызметті алушы «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, балаларды асырап алғысы келетіні туралы өтініш (еркін нысанда) бере алатындығы;

қызметті алушының «Жеке кабинетіне» қызметтің қабылданғаны туралы мәртебесі, қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберілетіні, өтінішті портал арқылы қабылдаудан және басқа да дәлелді бас тарту жағдайлары;

қызметті алушының Қағидада көзделген құжаттарын қызметті беруші «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, ал қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алатындығы;

тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс мерзім-дері, қорытындыны алғаны туралы хабарлама жіберетіндігі және оларды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке қоятындығы;

қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жазуға құқығы және шағымды қарау мерзімі туралы толықтырулар енгізілген. Қағидаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сыбайлас жемқорлықтың болмауына және қызметті уақтылы, оңтайлы алуына мүмкіндік туғызады.