«

»

Жаңалықтар

Білім беру ұйымы мен ата-ана (білім алушы) арасындағы келісім шарт Министрліктің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарына сәйкес жасалады.  Үлгілік шарт екі тараптың міндеттері мен құқықтарын көрсетеді, өзара қарым-қатынастарын реттейді және келесі толықтырулар (2020 ж. 15.04. 143 бұйрық)  енгізілген.

Мектепке дейінгі ұйымда білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шартына  балабақша тәрбиеленушінің ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрметпен қарауға міндетті, мектеп пен балабақшада — ата-ана баланың денсаулығына және басқа балаларға байланысты өміріне қауіп келтіретін проблемаларды жасырмау; педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда құрмет көрсету; баланы, оның қызығушылықтарын ескере отырып: әдептілікке, төзімділікке және ұлтаралық келісімге, кибер мәдениетіне және кибер гигиенасына тәрбиелеу;  баланың қажеттіліктерін ескере отырып, мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыру міндеттері қосылды. Сонымен қатар балабақшада білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты баланың тамақтануы және қосымша ақылы қызметтеріне қатысты толықтырылды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына білім алушы педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда, сондай-ақ білім беру ұйымдарының білім алушыларына құрмет көрсетуге міндетті  толықтырылды. Тараптар арасындағы шарттық қатынас-тарды тоқтату білім беру ұйымының басшысының тиісті бұйрығын жариялау мерзімі болып табылады. Осы шартты орындау процесінде туындаған келіс-пеушіліктер мен дауларды тараптардың өздері шешеді.

  Жоғарыда аталған толықтырулар білім алушыны (тәрбиеленушіні) тәрбиелеу мен оқыту үшін екі тараптың өзара жауапкершілік тетігін реттейтін болады.