Ежемесячный архив: Маусым 2020

Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің конкурстық комиссиясының 2020 жылғы 2 маусымда өткізген әңгімелесуінің шешімі:

— Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету  департаментініңБілім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы (санаты — С-О-4, 1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Нагима Тулеуовна Рыспекова ұсынылды. Комиссия хатшысы:                                                            А. Нұрмағанбет

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде жалпы конкурс бойынша, 02.06.2020 жылы сағат 11:00-де өтетін әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы бос лауазымына: Мамалинов Жаркынбек Ахметрашитович Бабаев Кылыш Болатович Рыспекова Нагима Тулеуовна

Департамент өз құзыреті шегінде «Білім туралы» Заңның талаптарына сәйкес бақылау субъектісіне профилактикалық бақылауды жүзеге асырады. Білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізбес бұрын, бақылау субъектісін іріктеу үшін мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына тәуекел дәрежесін бағалау жүргізеді. Осы мақсатта Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері қалыптасады.

2020 жылдың 1-ші жартыжылдығына профилактикалық бақылау тізіміне 17 мектеп енгізілген, алайда, карантинге байланысты профилактикалық бақылау  5 мектепте жүргізілді, қалған мектептер 2-жарты жылдық тізіміне енді. ҰББДҚ бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде Департаменттің профилактикалық бақылау өткізу жөніндегі Жоспарына 14 білім беру ұйымы енгізілді, оның ішінде 1-балабақша, 9- мектеп, 4- колледж. Бүгінгі күні аталған тізім Бас Прокуратураның сайтында жарияланған. …

Читать далее »

Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті 29 мамыр күні «Педагог мәртебесі туралы» Заңынан туындайтын шараларды іске асыру және пандемия кезеңінде Департаменттің атқарған жұмысы туралы, сондай-ақ, биылғы оқу жылының қорытындысы мен жазғы кезеңдегі іс-шаралар туралы» тақырыбына брифинг өткізді.

Спикерлер:             1. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Бағым Әбубәкірқызы Көптілеуова;             2. Нұр-Сұлтан  қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары Оразкул Әбсеметқызы Жолдасбекова. Спикерлердің баяндамасынан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.