«

»

Ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-О-5 санаты үшін: Жоғары білім;

Кәсіби құзыреттілігі: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

            4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 тіркелген,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітіліген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-О-5 83282 112431

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ-і (010000 Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 29, телефондары: 8(7172)  51-69-85, электронды мекенжайы:dkso_astana@mail.ru) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (санаты — С-О-5, 1 бірлік)

            Функционалдық міндеттері:     Департамент қызметінде тәртіптік, аттестациялау және конкурстық комиссиялар қарауына енгізілетін материалдарды даярлауда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастыру; Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ақпараттандыру және заңнамалық және құқықтық актілермен таныстыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; мамандардың орындаушылық тәртібін және іскерлік біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастыру; кадрлық жұмыс бойынша іс-қағаздарды жүргізу және ұйымдастыру, Департамент қызметкерлерінің жеке істерін сақтау және есепке алу, қызметкерлердің еңбек тәртібінің  сақталуын қамтамасыз ету, кадрлық мәселелер бойынша есептерді құру және тапсыру, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың орнына байқаулардың өткізілуін ұйымдастыру; Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі департаментімен кадр мәселелері бойынша өзара қатынас жасау; жеке және заңды тұлғалардаң, сонымен қатар мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша бөлім құзіретіне жататын жауаптарды (материалдарды) дайындау; бөлімнің негізгі міндеттерін орындау барысында тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; тексеруді белгілеу туралы актінің құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау; әкімшілік істерді дайындау және лауазымды тұлға немесе сот қарауына жолдау; білім беру саласындағы заңнаманы орындауда мемлекеттік бақылауды іске асыруға қатысу; білім беру қызметін лицензиялау және мемлекеттік аттестаттау материалдарының заңнама талаптарына сәйкестігіне сараптама және талдау жүргізу; білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Департамент қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс; мектептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, балалар үйінің жанындағы қамқоршылық кеңестергі байқаушы ретінде қатысу; Департамент және бөлім құзіретіне жататын есептерді, аналитикалық материалдарды, анықтамаларды және басқа құжаттарды дайындауға қатысу; тексерулер жүргізу, білім беру ұйымдарын аттестаттау және білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссиялар жұмысына қатысу; ҰБТ және басқа да мемлекеттік бақылау түрлерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысу; сотта Департамент мүддесін білдіру; Департамент және бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша  басқа ведомстволармен және қалалық құрылымдармен, олардың ведомствоға қарасты мекемелерімен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекетін жүзеге асыру.

            Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:     Білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану, техника ғылымдары және технологиялар мамандықтар топтары бойынша жоғары білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысандағы өтініш (қоса беріледі*);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған  қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  есептеледі де Астана қаласының Білім саласмындағы бақылау департаментінде қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Астана қаласының Білім саласмындағы бақылау департаментінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

______________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені__________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

___________________________________________________________________

________                                               _______________________________
(қолы)                                                                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.