«

»

Әңгімелесуге жіберу туралы

Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің конкурстық комиссиясы Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы (С-О-5) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында жарияланған ішкі конкурсқа ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы негізінде 2018 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен:

Бибигуль Тобыктыновна Жумабекова конкурстың келесі сатысы әңгімелесуге жіберілді;

құжаттарын электрондық пошта арқылы жолдаған Мейманбекұлы Раимбектің мемлекеттік қызмет өтілі С-О-5 санаты лауазымына конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты конкурстың келесі сатысы әңгімелесуге жіберуден бас тартылды.

Конкурстың келесі сатысына жіберілген кандидатпен әңгімелесу 2018 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15.00-де Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаментінде (Сығанақ көшесі, 29 үй) 601 бөлмеде өтеді.

Комиссия хатшысы А.Досболаева