«

»

Хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-О-5 санаты үшін: Жоғары білім;

Кәсіби құзыреттілігі: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 тіркелген,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітіліген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары:

Категория В зависимости от выслуги лет
Min Max
С-О-5 83352

 

112375

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ-і (010000 Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 29, телефондары: 8(7172)  51-69-85, электронды мекенжайы:dkso_astana@mail.ru) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы (санаты — С-О-5, 1 бірлік)

            Функционалдық міндеттері: Білім беру саласындағы заңнаманы орындауда мемлекеттік бақылауды іске асыруға қатысу; білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және білім беру қызметін лицензиялау бойынша материалдардың Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарына сәйкестігіне сараптама жасап талдауын жүргізу; білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Департамент және бөлім жоспарын құру мен оның қызметі туралы есептер дайындауға қатысу; бөлім жұмысы үшін қажетті білім беру ұйымдарының қызметі туралы  материалдар жинауды іске асыру; білім беру ұйымдары қызметін лицензиялау, мемлекеттік аттестаттаудан өткізу және  тексерулер  бойынша комиссиялар жұмысына қатысу; тексеру тағайындау туралы актінің құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеу өткізу; әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасау; әкімшілік істерді лауазымды тұлға немесе сот қарауына дайындау және жіберу; сот процестеріне қатысу; білім беру саласындағы ҚР заңнамасының қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне кеңес беру; жеке және заңды тұлғалардан, сонымен қатар мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша бөлім құзіретіне жататын жауаптарды (материалдар) дайындау; Департамент және бөлім қызметін жетілдіру және қадағаланатын мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттар даярлауға қатысу; білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостильт қоюды жүзеге асыру;  Департамент және бөлім жоспарын құру мен оның қызметі туралы есептер дайындауға қатысу; бөлім жұмысы үшін қажетті білім беру ұйымдарының қызметі туралы  материалдар жинауды іске асыру; тексеріс тағайындау туралы актінің құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеу өткізу; әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасау; әкімшілік істерді дайындау және лауазымды тұлға немесе сот қарауына жолдау; сот процестеріне қатысу; білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;  Департамент және бөлім қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс; мектептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, балалар үйінің жанындағы қамқоршылық кеңестергі байқаушы ретінде қатысу; ҰБТ және мемлекеттік бақылаудың басқа түрлерін ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу; бөлім құзіреттілігі аясында жеке және заңды тұлғалардан, сондай ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау; Департамент және  бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша басқа ведомстволармен және қалалық құрылымдармен, олардың ведомствоға қарасты мекемелерімен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекетін жүзеге асыру; Департамент және бөлім құзіретіне жататын есептерді, аналитикалық материалдарды, анықтамаларды және басқа құжаттарды дайындауға қатысу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:     Білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану, техника ғылымдары және технологиялар мамандықтар топтары бойынша жоғары білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысандағы өтініш (қоса беріледі*);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған  қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  есептеледі де Астана қаласының Білім саласмындағы бақылау департаментінде қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Астана қаласының Білім саласмындағы бақылау департаментінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

______________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені__________________________________________________________

___________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

___________________________________________________________________

 

 

 

 

 

________                                                                       ______________________________

(қолы)                                                                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.