Педагогтік әдеп жөніндегі Кеңес

Әдеп жөніндегі кеңестің Жұмыс жоспарының 11-тармағын іске асыру шеңберінде және бекітілген кестеге сәйкес а.ж. 26 қазанда № 71, № 79 мектептерінің педагогтері ұжымымен және Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес төрағаларымен онлайн-кездесу өтті.

Кеңес мүшелері өз сөздерінде кездесуге қатысушыларға әрбір мектепте Педагогтік әдеп бойынша кеңес құру, олардың жұмысын ұйымдастыру қағида-сы бойынша баяндады. Бұдан басқа, білім беру ұйымының басшысы кеңесті қалыптастыру кезінде заңнама талаптарының сақталуын қалай сақтаса, кеңесті уақтылы сайлау үшін қажетті рәсімдерді  өткізуді солай жүргізілуін қамтамасыз ететіндігіне, сондай-ақ кеңес жұмысына жағдай жасап, жәрдем көрсететіндігіне баса назар аударылды.

Кездесу соңында педагогтерге өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін алдымен мектептік кеңеске жүгіну қажеттігі түсіндірілді, егер де педагог берілген  ұсынымдармен келіспеген жағдайда,   Нұр-Сұлтан қаласының Әдеп жөніндегі Кеңесінен кеңес алу мүмкіндігі бар екендігі түсіндірілді.

Департаменттің  фейсбук әлеуметтік желісінің поштасына № 60 мектеп-лицейінің 1-сынып жетекшісінің кәсіби шеберлігіне күмәнданатындығы туралы ата-аналар атынан шағым келіп түсті. Департамент осы факты бойынша, мектеп әкімшілігіне бірінші сыныптағыларға сапалы білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы атап көрсетілді.        Осыған орай, мектеп директоры 1-сынып жетекшісімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Департаменттің шұғыл түрде мектеп-лицейдің әкімшілігімен бірлескен жұмыстары нәтижесінде шағымда көтерілген мәселе бойынша шешім қабылданды. Ата-ана өтініште аталған проблемалық мәселенің шешімін тапқанына қанағаттанды.

Кешенді тестілеу (КТ) Министрліктің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген  Кешенді тестілеуді өткізу қағидалары негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар үшін қағаз немесе компьютерлік форматта жүргізіледі. КТ-ға қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы немесе желілік жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырады. КТ бойынша ең жоғарғы балл саны: оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратура үшін — 150 балл; оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін — 100 балл; шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін — 80 балл; араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін – 100 балл. Тестілеуге жіберу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштермен тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталған жағдайда Министрлік өкілі Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт жасайды және оқуға түсуші тестілеуге жіберілмейді. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі. Республикалық апелляциялық комиссия өтінішті  3-5 күнде қарайды және онлайн апелляция нәтижелері түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі. КТ нәтижелері немесе электрондық сертификат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

         Ағымдағы жылғы 17 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өткізілген КТ-ге 5 348 үміткер өтініш беріп, оның 4 344-і қатысты. Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар табылғаны үшін 54 үміткер тестілеуге кіргізілмеді, тестілеу барысында тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін                             50 үміткердің тестілеу нәтижелері жойылды. Тестілеу барысында барлық санитарлық талаптар сақталды, тестілеудің компьютерлік форматта өтуі, апелляцияға тестілеуді аяқтаған соң бірден беру мүмкіндігі, тестілеу нәтижелерін де сол мезетте көру, металл іздегішпен тексеру кезінде тыйым салынған заттар үшін тестілеуге жібермеу секілді жаңашылдықтар оң нәтижесін берді.

Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының ұсынымында келтірілген колледж студенттеріне айыппұл санкцияларын қолдану фактілерін болдырмау мақсатында Департамент ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте прокуратура өкілі мен қаланың жекеменшік колледждері басшыларының қатысуымен он-лайн режимінде кеңес өткізді. Кеңесте қала прокурорының аға көмекшісі Т. Орақбаев оқу орындары студенттеріне қатысты айыппұл санкцияларын қолданудың заңдылығына назар аударды, сондай-ақ жекеменшік колледждердің құқық белгілейтін құжаттарының (жарғы, ішкі тәртіп ережелері, білім беру қызметін көрсету шарты) қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі мәселесіне қатысты Департаментпен әзірленген талдамалық анықтамасы талқыланып, тиісті түсіндірмелер берілді. Кеңестің қорытындысымен колледж басшыларына ұйымның қызметін реттейтін ішкі құжаттарды заңнамаға сәйкестендіру ұсынылды және оларды орындау мерзімдері белгіленді.

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Департаментке Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 2 баласын жалғыз тәрбиелеп отырған 3-ші топтағы мүгедек ана № 32 мектеп-гимназиясының   5 «Ғ» сынып оқушысы — баласының  1 қыркүйектен бастап он-лайн режимде сабақ оқи алмай отырғандығы, денсаулығына байланысты жұмыссыз болғандықтан, компьютер мен интернет-роутерды алуға мүмкіндігі жоқтығы жөнінде хабарласты. Балаға дер кезінде көмек көрсетуі керек болған мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісінің кемшілігі  атап өтіледі. Департаменттің ықпал етуімен мектеп тарапынан оқушы мен ата-анасына компьютерді пайдалану, он-лайн режимінде өтетін сабаққа қосылу бойынша  кеңестер берілді және отбасыға компьютер мен интернет-роутер жеткізілді. Пән мұғалімдері өткен сабақтарды түсіндіріп, қалып қалған бағдарламалық материалдарды түсінуін қамтамасыз етті. Сонымен қоса, Департамент Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен хабарласып, «ЖАНҰЯ» отбасы институтының қолдау орталығы мамандарымен бірлесе отырып, ананың құжаттарын тиісті органға тапсыруға көмектесті. 10 қыркүйекте АЭК беру туралы комиссия мүшелері үй жағдайымен танысып, бүгінгі таңда бұл мәселе комиссия отырысында қаралуда. Онда ұсынылған құжаттардың заңнамалық талаптарға сәйкестігі тексеріліп, Комиссия шешімінің негізінде, АЭК жәрдемақысының берілетіні немесе дәйекті бас тару туралы туралы хабарлама берілетін болады.

2020-2021 оқу жылының басталуымен Департаментке көмек сұрап хабарласқан ата-аналарға жүйелі түрде қолдау көрсетілуде. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, № 72 мектеп-лицейінің ата-анасынан он-лайн режимдегі 2-сыныптың сабақ кестесінің екі ауысымға жасалғандығы жөнінде WhatsApp месенджері арқылы өтініш келіп түсті. Сабақтың бір бөлігі 2-ші ауысымда, ал қазақ тілі сабағының 1-ші ауысымда сағат 10.00-ге қойылуы қосымша сабақ алатын балаларға да, ата-аналарға да тиімсіз екендігі айтылды. Департамент ықпалымен  мектеп директорының жедел қолға алуының нәтижесінде өтініш иесінің сұрағы қанағаттандырылды

Кешенді тестілеу (КТ) Министрліктің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген  Кешенді тестілеуді өткізу қағидалары негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар үшін қағаз немесе компьютерлік форматта жүргізіледі. КТ-ға қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы немесе желілік жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырады. КТ бойынша ең жоғарғы балл саны: оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратура үшін — 150 балл; оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін — 100 балл; шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін — 80 балл; араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін – 100 балл. Тестілеуге жіберу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштермен тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталған жағдайда Министрлік өкілі Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт жасайды және оқуға түсуші тестілеуге жіберілмейді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі. Республикалық апелляциялық комиссия өтінішті  3-5 күнде қарайды және онлайн апелляция нәтижелері түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі. КТ нәтижелері немесе электрондық сертификат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

         Ағымдағы жылғы 17 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өткізілген КТ-ге 5 348 үміткер өтініш беріп, оның 4 344-і қатысты. Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар табылғаны үшін 54 үміткер тестілеуге кіргізілмеді, тестілеу барысында тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін                             50 үміткердің тестілеу нәтижелері жойылды. Тестілеу барысында барлық санитарлық талаптар сақталды, тестілеудің компьютерлік форматта өтуі, апелляцияға тестілеуді аяқтаған соң бірден беру мүмкіндігі, тестілеу нәтижелерін де сол мезетте көру, металл іздегішпен тексеру кезінде тыйым салынған заттар үшін тестілеуге жібермеу секілді жаңашылдықтар оң нәтижесін берді.