Құрметті сайт қонақтары!

Сіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің (бұдан әрі-Департамент) ресми сайтындасыз.

Департамент міндеттері:

  • Білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • Өз құзыреті шегінде білім беру қызметінің көрсетілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Департамент функциялары:

  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру, рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау, тізілімнен алып тастау, қызметін тоқтата тұру, рұқсаттар мен хабарламалардың электрондық тізілімін жүргізу;
  • өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асырады;
  • Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, мамандандырылған, арнайы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);
  • Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • Өз құзіреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және оны қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;
  • Өз құзіреті шегінде білім беру саласындағы анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
  • Заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
  • Білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асыру;
  • Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысы;
  • Білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштерін қарау.